2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 343 шешімі
Осы редакция 2026 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 526667819 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 59417424 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 8292305 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;
арнаулы түсімдері бойынша - 29373155 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 429584935 мың теңге;
2) шығындар - 523556268 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 25140544 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 38290803 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 13150259 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2850000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 2850000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -24878993 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 24878993 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 38290803 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13411810 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2026 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2026 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) әлеуметтік салық бойынша:
Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарына, Балқаш, Қарағанды, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларына - 50 пайыздан.